На главную | Контакты     Скачать гимн в исполнении Тогбергена Абиева и Нурлана Абдулина

Есенғазы Қуандық тарих ғылымдарының докторы, профессор. Алматы, Сот. 8701 347 0717

Голосуйте:   
31-03-2015, 15:42

Дамыған 30 елдің қатарына  ұмтылған  Қазақстанның азаматтарының бостандығы мен  құқығын шектейтін баптар

           Еліміз бүгінде әлемдегі дамыған елеулі  ЕЛУ елдің қатарынан озып шығып отыздыққа ілігуді мұрат етіп отырған жайы бар. Ал біз қатарына қосылуға ұмтылған бұл елдер саяси құрылысында  заңға толық үстемдік беру арқылы өркениеттің төріне шыққан,  құқықтық  демократиялық мемлекеттер. 

          Қазақстанды осы елдердің қатарына жеткізуге  бастама көтерген Елбасы, құқықтық реформаның сыбайластыққа  шырмалып, заман талабына сай өткізілмеуіне   байланысты бұл елдердің қатарынан көрінуі екіталай екендігіне қалай, күмәнданбай ма екен? Мұндағы күдік туғызып кедергі жасаушы  себептің бірі Елбасы - өзі бұйрығымен тағайындаған судьялардың халықтың әділетті сот жүйесін қажет еткен талабын аяқ асты етуінде болып тұр. Сот жүйесіне әртүрлі күдікті жолмен келген, біліктілігі төмен, сыбайластыққа салынған әр сатыдағы судьялар корпусы бұл «Нұрлы жолға» кедергі жасауда.   Егерде   қоғам дамуына  кедергі болған, уақыт талабына қызмет етуге жарамай қалған құқықтық салаға  шынайы реформа жасап, дереу шара қолданбаса, онда  жоғарыдағы өркениетер ұясына ұмтылған  талпыныс бос сөз, «коммунизм» ұғымы секілді қиял  болып қалатыны ешкімге де құпия емес. Ал осы уақыт талап етіп отырған құқықтық реформаны талапқа сай жүргізуге сыбайластықпен кедергі жасағандары   үшін, келешек ұрпақ алдында  аталған саласының қазір басында отырған лауазым иелері жауап беруі тиіс.

           Судьялардың сыбайластық әрекеттерінің етек алғандығы соншалықты олар шығарылған заң нормаларын (баптарын) өз ыңғайларына  сай бұрмалап, өз жеке бас мүдделеріне мүлтіксіз қызмет ететін  етіп әртүрлі қитұрқы тәсілдермен бұрып, заңдастырып алған.                          

           Нақты атап айтар болсақ мұндай бұрмалаушылық  ҚР АІЖК-дегі  16-бабы мен ҚР ҚІЖК-нің 25–бабында көзделген төмендегі тармақтарда көрініс береді:

     Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалайтын 16-баптың 1 тармағында «Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және   толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады»-деп нормаланған. 

     Дәлелдемелердi iшкi сенім бойынша бағалау  деген ҚР ҚІЖК-нің 25-бабының 1 тармағында: «Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қаралған  дәлелдемелердiң жиынтығына негiзделген өздерiнiң iшкi сенімi бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ожданды басшылыққа алады». «Алқаби дәлелдемелерді қаралған дәлелдемелердің жиынтығына негізделген өзінің ішкі нанымы бойынша бағалайды, бұл ретте ар-ожданды басшылыққа алады.» -деп жазылған.

 Судья  мемлекет атынан сот шешімін шығарғанда (ҚР АІЖК-нің  16-бабы,  ҚР ҚІЖК-нің 25-бабының 1 тармағы) Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалап, өзінің ішкі наным-сеніміне сүйенеді деп заңдастырылуы көзбояушылық, заңның негізгі гуманистік  мәніне қайшы жалған қағида.

Қазіргі тәуелсіз ел аталған Қазақстанда өркениетті елдермен заң саласында тереземіз тең, біздеде құқықтық реформа жүргізілді деп салыстырғанда  көретініміз  тек  еуропа елдерінің дәстүріне айналған, әділеттіліктің символына айналған судьялардың үстіндегідей  «мантияларды» киюі ғана. Біздегі сот-құқықтық реформа әзірше осы  жаңалықпен шектеліп, тоқтап тұр.

Ал қолданыстағы  заңдардағы азаматтардың бостандықтарына, демократиялық  құқықтарына бүгінде кедергі болып отырған, жоғарыда аталған баптардағы заң талаптарының халық мүддесіне қайшы болуы. Тіпті бұл баптардағы заң нормалары бастауын сонау өткен ғасырлардағы саяси құрылысы мүлдем бөтен, заманы әбден ескірген қазіргі  уақыт  талабына сай келмейтін, оған керісінше қайшы болатын отаршы-империялық көзқарастағы патшалық Ресейдің  XIX ғасырдың 60-жылдарында қабылдаған  құқықтық реформасының негізінде жасалған қағида  болып табылады.    Сол кезде қоғамдық құрылысы өзгеше елде қолданылған аталған заң нормасы,  бүгінде тәуелсіз ел Қазақстан заңында орын алып «Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және  толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды,  бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады»-деген баптағы «судья ішкі сенімі бойынша бағалайды» деп қайта көрініс тауып,   негізінен сол күйінде қалтырылған. Ал кеңес дәуірінде ол бап сол күйінде өзгеріссіз қолданылған. Тек оған сол кезде социалистік мазмұн беріліп,  сонымен толықтырылып   сол талап бойынша жаңа заңсыздықтарға жол ашқан. Мұндай наным–сенімге сүйену деген XXI ғасырдағы дамудың өркениет сатысынан алып қарағанда, ол халықты кезекті  алдау олардың мүдделерімен санаспай  ақмақ ету болып табылады.

Аталған баптарда «судья  істі қараған кезде онда  бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен  әділ, жан-жақты және  толық  қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады»- делініп  заңдастырылып нормаланған. 

Біріншіден, қолданыстағы қазақ тілінің сөздігіне  жүгінетін болсақ, наным-сенім (қос сөз) – бір нәрсеге  илану, сену, күмәнданбау,  шүбә  келтірмеу; ар-ұят (қос сөз) – ар, намыс, әдеп;  ішкі түйсік (ішкі наным-сенім) – ақыл-ой, сезім, зейін, таным.

Ар-ұяттың көрсеткіші болатын ар-намыс кез-келген адамның адами болмысын анықтайтын психологиялық қасиет.  Ар-намыс ол жеке адамның бойындағы адалдық, әділеттілік, ақиқаттан аттамаушылық, ар, абырой, тектілік, тәрбие көргенділік секілді  қасиеттердің жиынтығының көрсеткіші туралы түсінік. Намыс ол адамға туа біткен  қасиет,   адамгершілікке жат-әрекеттерден сақтандырушы, арамдық, пасықтыққа, сатқындыққа қарсы тұратын рухты күш.

Судьялардың аталған наным-сенімі қалай қалыптасады, ол бар ма, жоқ па, бар болса ол қандай дәрежеде  сот шешімін  шығарада ол наным-сенім  ақиқаттың  қай жағында болады, әділеттілік жағында ма, әлде әділетсіздік жағында ма, оны тап басып айту мүмкін емес. Және  судьялардың  жан-дүниесіндегі  наным-сеніміне әсер ететін сезім күші осы аталған  екі жақтың қайсысын таңдайды, оны да реттейтін көрсеткіш бар ма, жоқ?   Әйтеуір судья деген атауы-мәртебесі  болған соң  оның  наным-сенімі ерекше,  адал болуға тиісті деген жалпы  гуманистік ұғымға бағынып жұрт оны еріксіз әділеттіліктің  нышаны ретінде қабылдауға, оған сенуге  тиіс болады.

Бүгінде судьялардың наным-сенімі қандай дәрежеде екендігін анықтайтын  ешқандай   құрал, тетік  жоқ,   оның дәрежесін  емтихан  арқылы  анықтауда   мүмкін емес. Ар-ұяты бар, жоқтығының кепілі болатын   арнайы  құжат  та берілмейді.  «Детектор лжи»   қондырғысынан  да  өткізілмейді. Сонымен,   судьялардың ішкі жан-дүниесінің бір саласы болып табылатын наным-сенімінің бар жоғын, судьяға лайықты ма жоқ па, оны анықтайтын бүгінде  бірде- бір көрсеткіш жоқ.  Сот шешімін әділ шығару үшін наным-сенім  қандай болуы керек, оның түрін, дәрежесін ешкім анықтай алған жоқ және анықтай да алмайды.

Әділ шешім шығаруға  арқау болатын наным-сенімді  судья бойына қалай қалыптастырады, әлде онда ерекше наным-сенімді қалыптастыратын арнайы оқу орны бар ма?  Ондай  білім беретін оқу орны да жоқ.

Наным-сенім тек судьяларға ғана тән сезім бе, жоқ,  наным-сенім кез келген адамның бойында оның ішкі жан дүниесінің қоғамдағы құбылыстарды танып білетін  көрсеткіші барометрі іспетті және ол айналасындағы құбылыстарды бойындағы  білім дәрежесіне,  санасына, өресіне сай  бағалап қабылдайтын   қасиет. 

          Биліктің көзі болып табылатын халық мүддесіне қарсы жазылған осынау  баптардағы   судьялардың сот  шешімін шығарғанда ішкі наным-сеніміне (по внутреннему убеждению) сүйенеді деген норма,  заңды құрметтейтін  соттан  әділеттілік іздеген адал адамдардың, яғни халықтың наным-сеніміне мүлдем қайшы, әділетсіз, жат  өзгеше болып тұр яғни қоғам қажетіне сай жетілмеген. Сонда қалай,  сот шешімін бұрмалаған, яғни адам тағдырын ойыншық  еткен судьялардың наным-сенімі ерекше заңды (легитимді) болады да, әділеттілікті талап еткен бұқара халықтың наным-сенімі  түкке тұрғысыз заңсыз бола ма?  Олардың шешімдерін ерекше етіп тұрған жағдай, ол заңға қайшы шешім шығарған судьялардың жауапкершілікке тартылмауы. Бүгінде судьялардың сот шешімін шығарарда жүгінетін ішкі наным-сенімі бастапқы көзделген әділеттілік мазмұнынан  алшақ,  тек тапсырыс берген ықпалды лауазым иелерінің немесе билігі, ақшасы барларға қызмет етумен шектеліп, негізгі  заңның мәнін  тәрік етуде.  

Ал енді осы әр адам басында әр дәрежеде болуы  да, болмауы да мүмкін  осы қасиеттер әр судьяның  бойында  болады деген тұжырым ақиқаттан  аттағандық,  шындықтан алыс ұғым.

Алайда наным-сенім, ар-ұят  адамдарда бірдей болмайтынына ешкім таласа алмас. Бұл қасиеттер адамға  алған білімінің, жанұя мен өскен ортадан алған тәрбиенің  барысында берілетін адамгершілік  құндылықтар. Ал қазіргі судьялардың барлығы өз өмірлерінде тек наным-сенімі адал болатын тәрбие, білім алды деп айта алмаймыз. Ал қазіргі қызметтегі судьялардың барлығы тегіс  әділетті,  сот процестерінде дау тудырған мәселеге қатысты дәлелдемелерді жан-жақты  мұқият зерттеп зерделейді, соның негізіне сүйеніп, заңды ғана басшылыққа алып шешім шығарады,  ар-ожданы, ұяты бар деп айту да  қиын.  Өкінішке орай  бұл пікірімізді олардың шығарған күнделікті шешімдері дәлелдеп отыр. Мысалы, Жоғарғы соттың судьялары Е.Н.Әбдіқадыров пен Г.Ак-куова, Б.Жұмағұловтар  өздері шығарған 17  шілде 2013 жылғы № 3гп-474-13 нөмірлі қадағалау сатысы сотының шешіміне, биліктерін асыра пайдаланып ешбір сот сатысына куә болып келмеген адамдарды  (студенттер-Г.Текешованы, Ж.Маликованы, Ж.Сериковны т.б.) «келді деп» олардың айтпаған сөздерін «айтты деп» шешіміне жазып қызметтік жалғандық  жасап «тапсырыспен» қарсы тарап лауазым иесі ректор Әділовтің мүддесіне сай   әділетсіз шешім шығарды. Алайда осы  заңға қайшы сыбайластық әрекеттердің бетін ашуға  талпынған 3 жыл бойғы заңды әрекетіме Е.Әбдіқадыров пен Г.Ак-куовалар, қолдарындағы билік лауазымдарын асыра пайдаланып  күні-бүгінге дейін кедергі жасауда.  Коллегия төрағасы Е.Әбдіқадыров мырза менің ҚР Конституциясымен бекітілген заңды құқығымды шектеп, Жоғарғы сотттың төрағасы Қ.Мамидің қабылдауына кіргізбей кедергі жасауда.

ҚР Жоғарғы соттың 3 судьядан тұратын өзара сыбайласқан құрамы,  азаматтардың  өтініштерін  қадағалау тәртібімен қарау үшін, алдын ала  қадағалау  өндірісіне қабылдау кезінде негізсіз іс қозғаудан бас тартуы,  азаматтардың Жоғарғы соттың қадағалау алқасы арқылы істі талапқа сай шешу мүкіндігінен  айырып,  конституциялық құқығын шектеу болып табылады 

Аталған судьялар  лауазымды биліктерін теріс пайдалану арқылы  конституциямен бекітілген құқығымды қорғауыма  кедергі жасап, мені мәжбүрлеп бас тартқызу арқылы-адам құқығын  шектейтін, нақты қылмыстық жазаға алып келетін ауыр қылмыспен бірдей әрекетке баруда. Оған мысал, Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасының судьясы Ахмедиев Бекен  Бостандық аудандық сотының  мені қызметтен заңсыз шығарған деген  шешімін 10 шілде  2012  жылы № 2а-4120/12 нөмірлі қаулысымен  бұзып, түп нұсқасы жоқ сырттай жалған қолдары қойылған студенттердің  арыздарының жала екендігін біле тұра, оған қасақана сараптама жасаудан бас тарта отырып,    қарсы тараптың яғни лауазым иесі ректордың мүддесін жақтап, сыбайластық әрекетке барып заңға қайшы әділетсіз шешім шығарды.

Судьялар тәуелсіз тек өзінің наным-сеніміне ғана жүгінеді деген шылғи өтірік көзбояушылық, коррупциялық әрекеттерді жасырып ақтау үшін,  халықты  «сендіру» үшін айтылатын сылтау ғана екендігін осы мысал дәлел бола алады. Осындай тәртіппен шығарылған судья шешімі кез-келген заңнан да жоғары  тұрады. Ондай  әділетсіз шешім шығарған судья ешкімнің алдында жауап бермейді. Ал өркениетті елдерде   сот шешімдері тек заң нормаларына негізделіп, айғақтарды саралау  барысында  ғана  шығарылады. Біздегідей  наным–сенімге сүйену деген олардың түсінігінде  халықты алдау, қорлау болып саналады.

Өйткені   билікке тәуелді, соттың төрағаларына тәуелді,   судьялардың   наным–сенімге сүйеніп шығарған шешімдері ешуақытта әділ болмайды.   

Сонымен бірге қазіргі судьялардың төрағаларының  көбі   бір ғана жүздің өкілдері,  оның ішінде  наным-сенімі өзге адамдардан «ерекше» ру өкілдері  бар. Ал қалғандары өзінің емес, өздері тәуелді басшыларының  наным-сенімінің айтқанымен жүретіндер. Ал президенттің бұйрығымен тағайындалатын судьяларды  жасақтайтын билік, әр адамның жаратылысынан бөліп алуға болмайтын қасиеттері наным-сенімдерінің судья болуға жарайтынын жарамайтынын қалай біледі. Таңдау қалай жүргізіледі. Тіпті біліктілік емтихан тапсырғанда да бұл наным-сенімнің қандай екенін тексеріп  оның қандай дәрежеде болатыны және  бар жоғын судья болуға жарай ма, жоқ па   анықтау тіпті де мүмкін емес.

Бүгінгі күні наным-сеніміне сүйенген  судьялардың  әділдігінен гөрі  әділетсіздігі   көп жағдайда  басым болып жатады.  Сот шешімін шығарарда заңға жинақталған дәлелдемелерге сүйеніп,  оларды басшылыққа алатын наным-сенімі әділеттілік шешіммен ұштасатын   судьялар бүгінде саусақпен санарлықтай. Өйткені таным болмай оның нанымы болмайтыны ақиқат.

Бүгінгі күндегі судьялардың «наным-сеніміне сүйеніп» шығаратын сот шешімдері  оларға берілген «тапсырыс» пен «параның» мөлшеріне байланысты дейді халық .

Өзге елдердің судьяларына еліктеп, егер   «мантия» кисе судьяның наным-сенімі әділеттілікті қорғайтындай дәрежеде болады  екен  деген ой- адасушылық болып табылады.  Бұл пікірдің адасушылық екендігіне  бүгінгі  судялардың мемлекеттің атынан сыбайластықпен    шығарып, кейін іле-шала қаулылары жатқан қаулылары  дәлел. 

Ал  бүгіне осылай наным-сенімге сүйену  деген көзбояушылық, «зиянды вирус» болып таралған, судьялардың коррупциялық әрекеттерге,  ештеңеден  қауіптенбей-ақ,  баратын төте - тура жолы болғандығы  жұртты  алаңдатып отыр.  Қолданыстағы заңдарды басшылыққа алмай-ақ, олардың баптарына сүйенбей-ақ,   баптардағы көрсетілген  талаптарды, нормаларды орындамай- ақ, оны бұрмалап   тек қана өздерінің «ішкі наным-сенімдеріне ғана  сүйенушілік» ол судьялардың өздерінің жеке  бас мүддесін жүзеге асыру болып табылады.

Осындай қағида-рецептпен шығарылған судья шешімі заңға қайшы сыбайластыққа негізделген  болып шығады.  Мұндай  әділетсіз шешім шығарған судья, аталған баптағы қағиданы «басшылыққа алдым» деп  сыбайластығын сол баппен бүркемелеп  заң  алдында жауап бермейді.

Ал өркениетті елдердегі судьялардың  сот барысында шығарған шешімдері сол елдің халқының мүддесіне сай, олардың өз еріктерімен  қабылданған  демократиялық мәні бар заңдарға ғана  негізделіп шығарылады.

 Құқықтық мемлекет атанған елдердегі судьяларға қойылатын талап, көкірек көзі қиялдағыны шалатын, ойы орамды,  заңды ғана біліп  қоймай, оны  тап басып, әділетті байлам  жасай алатын, ақиқаттан аттамайтын  әрдайым  халық көңілінен шығатын заңды ғана басшылыққа алатын  тұлға  болуы шарт. Егер заңды басшылыққа алмаған  жағдайда судья  өзінің судья деген мәртебесіне нұқсан келтіріп, жоғалтады. Сондықтан, олар  әлдіден зәбір көрген әлсіздің жоғын жоқтап, әділеттен аттамауға тырысады. 

 

Өткен тарихтан белгілі қазақ билерінен қалған қастерлі мұра, даналық, қара қылды қақ жарар әділдіктің адал оғы, сатылмаған қазақтың киелі ауызды билерінен шыққан әділетті шешім болып шыққан-сөздер бүгінгі таңда да қазақ қоғамына  ауадай  қажет  болып тұр.

Комментировать

Уважаемые читатели! Редакция сайта ABIYEV.KZ ждёт Ваших комментариев. Если нарушены ваши законные, конституционные права, если суд вынес против Вас незаконное решение или приговор, если Ваш бизнес подвергся рейдерству, если Вы обладаете какой-либо информацией о коррупционных или других преступлениях – Вы можете обратиться в нашу редакцию на эл. почту: abiyev-tokbergen@mail.ru, или позвонить по тел.: 8(7172)968 160, сот.: 8 705 999 99 50, 8 702 936 98 07. Токберген Абиев Конфедициальность и принципиальную позицию гарантирую.

Отменить
Просмотров: 2628



Яндекс.Метрика