На главную | Контакты     Скачать гимн в исполнении Тогбергена Абиева и Нурлана Абдулина

Жол оқиғалары

Голосуйте:   
Автор: Жанат АСАНҚАЛИ
31-10-2013, 02:32

Соңғы уақыттарда қолдарында бір-бір радарлары бар жол инспекторлары қала көшелерінде жүрген автокөліктерді оңды-солды тоқтатып жүр. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларында құлшына жұмыс істеп жүрген жол полициялары жол үстіндегі жүрген көлік жүргізушілеріне қырғидай тиіп, естерінен тандырады.  

Нәтижесінде, салынған айыппұлды төлеп жүрген жүргізушілер, халыққа қызмет көрсету орталықтарында және жол полициясы бөлімшелерінде жүргізуші куәліктерін ала-алмай қаптап жүр. МАИ қызметкерлері жұмыстарын күшейіткен екен, мақұл дедік, тек ІІМ департаментері жанында ғана емес, барлық қалалардағы жол полициясы басқармалары мен бөлімшелерінде «сенім телефондары» тәулік бойы жұмыс істеп тұрулары керек. Себебі, әр уақытта МАИ қызметкерлері тарапынан жүргізушілерге қарсы шектен шыққан әрекеттер болмайды емес, болады. Жүргізушілерден оңай олжаны дәмететін жол сақшылар өмір бақи болған, және қазір де бар. Бүгін еліміздегі автокөлік иелері өздерінің құқықтарын қорғау үшін консультацияны қайдан алатындарын білмейді.

Мәселен, өткенде, машинамен жол үстінде тұрып, кеш батқанда фарамды тексеріп, жыпылықтап жаққан жарығыма қарсы келе жатқан жол полициялары тоқтап келіп, маған:«неге машина фарын жыпылақтатасыз?» - деп, әй-шайға қарамай бірден хаттама жазып берді. Бұларың не? –дегенге, әлгі полициялар: «бұл жәй «ескерту» хаттамасы» -деді де менен қол қойдыртып алды. Содан соң, зу етіп келген боймен, зу етіп жоқ болды. Абдырап қалған мен сәлден-соң есімді жинадым, ескерту ғой деп, өз-өзімді жұбатып жөніме кете бардым. Араға екі-үш күн салып, халыққа қызмет көрсету орталығына ақпарат алуға бардым. Орталықта жарты күн жүріп «жол ережесін бұзғаным үшін» жол полициялары 8655 теңге айыппұл салғанын білдім. Мен осы күнге дейін, кімге барып жөн сұрарымды білмеймін. Жүргізушілердің құқықтарын бүгін кім қорғайды? 

Елімізде жол-көлік оқиғасынан жылдан-жылға он мыңдап адамдар қаза тауып жатқанын айтып, ҚР Президенті ҚР ІІМ Министрі Қасымовты жақында болған кеңейтілген жиналыста сөккенін білеміз. Сасқан үйрек суға артымен сүңгиді – дегендей,  министр бірден барлық МАИ қызметкерлерін тік тұрғызды. Автоинспекторларға қандай бұйрық бергенін білмеймін, нәтижесінде полиция құтырды. Жол-көлік апатынан дүниеден озған жандар үшін жауапты жол сақшылары жолға шығып, жол үстінде жүрген жүргізушілерден алуға болмайды ғой. Президент пен министр Республикамыздың жолдарындағы болып жатқан мән-жайға жан-жақты және терең қараулары міндетті. Бұл жерде, жол полицейлері жазалау саясатымен қанша жерден күшейтілген режимде жұмыс істесе де, жол үстінде қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтындары анық. Енді келіп, өткенде Әкімішілік полиция комитеті төрағасы И. Лепеха мырза Президентке жүргүзушілерге жазалау санкцияларын күшейту керек –деп айтып жатыр. Мас күйімен рульге отырған жүргізушілерді қатан түрде заңмен жазалауларымыз керек. Сонымен қатар, жүргізушілерді «шаш ал десен, бас алатын» жол сақшыларынан да қорғауыз керек.

 

Қайталаймын, еліміздің автомобиль жолдарындағы туындаған мәселерді шешу үшін, биліктегілер өркениетті түрде шешу жолдарын қараулары керек деп ойлаймын. Жаңа жүргүзушілерді даярлайтын автомектептерге талаптарды күшейту керек. Бүгін еліміздің автомектептерінде оқымай-ақ жүргүзуші куәлігін сатып алуға болады. Сол мектептер басшыларына қарасаңыз, барлығы кешегі жол полицейлері. Сонымен қатар, қалалар ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Қала аралық жолдардыңмда жағдайлары мәз емес. Қызылорда –Жезқазған  арасындағы жолға асфальт төселмегелі қай заман. Есімде, өткен ғасырдың 90 –шы жылдары Жезқазған өңірінен парламентке қайта-қайта бара беретің депутатымыз, өкілетті органға барып екі қала арасындағы тас және темір жолдарын салуға жұмыс істеймін деп аймақ елін алдап, уәделерді үйіп төгетін. Сәтбаев қаласында ертеден келе жатқан қала ортасындағы үлкен көлік жолын мүлдем жауып тастады. Жергілікті әкімшілік жолдын қақ ортасына фонтан құрылысын жүргізіп жатыр. Нәтижесінде, қала жүргүзушілері үйлердің ішімен жүруге мәжбүр. Жезқазған – Қарағанды арасындағы тас жолы да жаңартуды қажет етеді. Ауқатты ел болудың айқын жолы – еліміздегі шырмаулы жолдарымыздың сапасынан басталады.

 

Жанат АСАНҚАЛИ

 

                                          Жезқазған қаласы

Комментировать

Уважаемые читатели! Редакция сайта ABIYEV.KZ ждёт Ваших комментариев. Если нарушены ваши законные, конституционные права, если суд вынес против Вас незаконное решение или приговор, если Ваш бизнес подвергся рейдерству, если Вы обладаете какой-либо информацией о коррупционных или других преступлениях – Вы можете обратиться в нашу редакцию на эл. почту: abiyev-tokbergen@mail.ru, или позвонить по тел.: 8(7172)968 160, сот.: 8 705 999 99 50, 8 702 936 98 07. Токберген Абиев Конфедициальность и принципиальную позицию гарантирую.

Отменить
Просмотров: 2231



Яндекс.Метрика